Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілей отырып, назарларыңызға мерекелік бағдарламаны ұсынамыз.
21-23 наурыз аралығында өтетін мерекелік бағдарламалар
![]() |
21 наурыз, 06:00 Концерт. «Наурыз-думан» Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Осынау Ұлыстың ұлы күнінде «Хабар» арнасымен бірге болыңыздар! Танымал әншілер мен сүйікті әндеріңіз Сіздер үшін шырқалатын болады. |
![]() |
21-22 наурыз, 07:00 «Оян-Наурызнама» таңғы шоуы «Оян!» – көзге құнар, санаға нәр, миға азық берер ақпараттық-танымдық-көңілашар бағдарлама. Шабытқа қуат қосып, қанатыңды қомдап, тың ойлармен дамуға жетелейді. Арайлап атқан әр таң сайын керемет көңіл-күй, қызықты ақпарат, әуезді ән сыйлауға асығатын «Оян!» бағдарламасының мерекелік шығарылымдарын 21 наурыз-22 наурыз 07:00 тамашалауға шақырамыз! |
|
21 наурыз, 11:00 «Наурыз» телемарафоны «Хабар» арнасы тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурызды тойлаудың жаңа форматын ұсынады! Күллі Қазақстанды қамтитын «Наурыз» телемарафонында ұлы дала қазынасын ұлықтаймыз, ұлттық салт-дәстүрлерімізден шашу шашамыз. Наурыз мейрамын 3 сағат бойы тікелей эфирде елмен бірге тойлаймыз. Ұлы даланың ұлы мейрамын «Хабар» арнасымен бірге қарсы алыңыздар!
|
![]() |
21 наурыз, 16:00 Концерт. «Гүл көктем» Наурыз – мереке, наурыз – береке! Наурыз ешкімнің міндеттеуінсіз әр қазақтың мақтаныш етер, үкілі үміті мен арман-тілегіне ұштасқан, әркімнің жүрегінен, ішкі сарайынан орын алған шынайы мерекеге айналуы тиіс. Сол үшін Ұлыстың ұлы күнін ішкі жан жүрегімізбен сезініп, қадыр-қасиетін түсініп, ізгі ниетпен қарсы алуға тырысайық. «Гүл көктем» концерті 21 наурыз «Хабар» арнасында!
|
![]() |
21 наурыз, 19:00 «Almaty. Cover Show» «Almaty. Cover show» түрлі буынға жататын және музыкалық бағыттары өзгеше музыканттар кездесіп, өздерінің өнерлерін көрсетеді. Концертте танымал әншілер көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерді жаңа интерпретацияда орындап шығады.
|
![]() |
21 наурыз, 20:00 «Заманback» фильмі «Заманback» — ішкі тартыс пен кешірім іздеу туралы әсерлі драма. Басты кейіпкер өз өміріне разы емес, қаржылық сәтсіздіктерден көңілі қалған. Ол әкесін жас кезінде көп ішімдік ішіп, табысты адам бола алмағаны үшін кінәлайды. Фильмді 21 наурыз, 20:00-де арнамыздан тамашалай аласыздар! |
![]() |
21 наурыз, 22:00 «ОйнаIQ» бағдарламасы жаңа маусымының тұсаукесері «ОЙНАIQ» – отбасымен көруге арналған интеллектуалды көңілашар ойын. Бұл алаңда логикамен креативті ойлана алатындар жеңіске жетеді. Танымал тұлғалардың арасында бәсекеге толы ойынды жіберіп алмаңыз!
. |
![]() |
21 наурыз, 23:00 «Өнер барысы 2024» «Өнер барысы» жобасында республикаға танымал өнер адамдары, еліміздің мега жұлдыздары қазақша күрестен боз кілемде бақ сынайды. Жобаның мақсаты: қазақ күресін насихаттау, жастарды салауатты өмір салтына шақыру. |
![]() |
22 наурыз, 05:00 Концерт. «Ұлыстың Ұлы күні» Ұлыстың ұлы күніне арналған «Ұлыстың ұлы күні» деп аталатын ерекше концертті назарларыңызға ұсынамыз. |
![]() |
22 наурыз, 09:00 «Дәстүр» бағдарламасы «Дәстүр» – ежелгі ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлеріміздің қазіргі заманға бейімделген, өзекті көрінісін ұсынатын ток-шоу. Бағдарламаның басты мақсаты – қазақ халқының бай тарихы мен мәдениетін жаңа көзқараспен таныстыра отырып, дәстүрлердің эволюциясын көрсету. Біз дәстүрдің озық жағын да,тозығын да талқылаймыз, яғни әр дәстүрді заманның талаптарына сай бейімдеп, оның әлі де өз орнын табуы үшін жасалып жатқан өзгерістерді көрсетеміз. |
![]() |
23 наурыз, 14:00 «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік бағдарламасы Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қабілетін шыңдайтын зияткерлік сайысы 15 жыл бойы қалың көрерменнің сүйікті бағдарламасына айналып үлгерді. Жобаның білімді және дарынды жастарға қолдау көрсетіп, ғылыми ізденістерін арттырып, өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік береді. Еліміздің әр өңірінен жиналған жас зияткерлер бақ сынайтын білімділер бәйгесін тамашалауға шақырамыз! |
![]() |
22 наурыз, 15:00 «Келінжаннан ұят болмасын» мерекелік жобасы Көктемнің басты мерекесіне орай «Келінжаннан ұят болмасын!» мюзиклі көрерменге жол тартады. Бұл – 2000 жылдардың басында «Хабарда» эфирге шыққан «Ұят болмасын» бағдарламасы мен одан 20 жылдан соң қалың көпшіліктің риясыз махаббатына бөленген «Келінжан» сериалының ерекше коллаборациясы. Көрермен көзайымына айналған екі жобаның арасы ширек ғасырға жуық уақыт болғанмен, екеуін өзара біріктіретін параллель табуға болады. Екі жоба да ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Жобаға танымал әртістер, өнер және спорт қайраткерлері қатысады. Сондықтан 22 наурыз күні сағат 15:00-де «Хабар» телеарнасында көрсетілетін «Келінжаннан ұят болмасын» мерекелік жобасының тұсаукесерін тамашалаңыздар! |
![]() |
22 наурыз, 18:45 Жинақ. «Наурыз»
Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында қытымыр қыстың қаһары қайтып, малдың аузы көкке, қора төлге толып, адам аузы аққа тиеді, күн мен түн теңеліп, табиғаттың барлығы гүлденіп, күллі дүние қайта түлеп, тіршілік біткен жанданып, жаңа бір өмір басталады. Міне, осындай мерейлі сәтте жаңалықтың жақсылықтың жаршысы Наурыз мерекесі келеді. «Наурыз» ән жинағын көріп, мерекелік көңіл-күйге бөленіңіздер! |
![]() |
22 наурыз, 19:00 «Бесбармақ» фильмі Басты кейіпкер Дәулет шағын жол бойындағы асханада аспаз. Әдетте, бұл жерге шаршаған жолаушылар тамақтануға кіреді. Бірақ бір күні асханаға Алматыдан белгілі ресторатор келеді. Абыройын түсірмеу үшін тапқыр Дәулет маңызды қонақты әжесінің арнайы рецепті бойынша дайындалған бесбармақ ұсынады. |
|
23 наурыз, 06:45 Мюзикл. «Наурыз нақыштары»
«Хабар» арнасынан 22 наурыз күні сағат 05:00-де осы мерекеге арналған театрландырылған қойылымды тамашалаңыздар! Ұлттық салт дәстүрді, ұлттық ойындарды, қазақи жоралғыларды ғана көрсетіп қоймай, театр әртістері, дәстүрлі әншілері және эстрада жұлдыздарының қатысуымен әсем ән мен тәтті күйді тарту етеміз. |
|
23 наурыз, 19:00 ТҰСАУКЕСЕР. «Алғашқы» бағдарламасының жаңа маусымы Өмірдің әр шағы есіктер деп елестетейікші. Әр есіктің ар жағында танымал азаматтардың балғын балалық шағы, жалындаған жастығы, алғашқы жеңісі мен жеңілісі, қуанышы мен қайғысы, өкпесі мен өкініші, жұбанышы мен жеткен жетістігі жасырылады. Есікті ашқанда «Алғашқының» кейіпкері бала шақтағы ойыншық, тұңғыш автокөлік, анасының көзіне айналған бұйым, қара шаңырақтан сыр шертер жиһаз, тіпті алғашқы ұстаз бен хабарсыз кеткен танысын көріп, таңғалады. Ендеше 23 наурыз «Алғашқыны» көруге асығыңыз! |
![]() |
23 наурыз, 20:00 «ҚызықTimes» бағдарламасы. «Қызық Times» жоба авторлары әзілді түсінетін, жайма-шуақ мінезді адамдарды көгілдір экран алдына шақырады. Жүргізуші Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабектің айтуы бойынша, үнемі қабағы ашылмайтын адамдарды да күлдіру қолдарынан келеді. Себебі көтеріңкі көңіл-күй мен күлкі – жанға шипа болатын нағыз дәрумен. «Хабар» арнасынан бағдарламаны тамашалап, бірге көңіл көтеріңіз! |