«Ел қуаты». Рухани жаңғыру – ой-сананың кемелденуі деректі фильмі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының ұлттық бірегейлікті сақтау бағыты аясында Шығыс Қазақстанның көне жәдігерлері жобасы іске асты. Облыстық-тарихи өлкетану музейіне Берел, Шілікті, Елеке сазы қорымдарынан табылған археологиялық жәдігерлер қойылды. Эксклюзивті жәдігерлердің басым бөлігі ерте заманда ерекше технологиямен жасалып, алтынмен көмкерілген. Әлемдік деңгейдегі археологиялық құндылық саналатын Алтын адамның жаңартылған экспозициясы көрменің басты элементіне айналды. Көрменің басты мақсаты – Шығыс Қазақстандағы көшпенділер өркениетін әлемге паш ету.