Хабар телеарнасы
aaa
«Жұма», 18 Қазан 2019 15:02

«Кебенек» телехикаясы

Оцените материал
(0 голосов)
Meiyrgat Amangeldin, Kebenek Meiyrgat Amangeldin, Kebenek

1988 жыл. Ауғанстан. Жау тылын бақылау үшін кезекті тапсырма бойынша шолғынға шыққан барлаушылар тобы мина жасырылған соқпақта зұлмат жарылысқа тап болады. Қырық жыл қырғын болса да, ажалсыз өлмейдінің кебі келіп, бүкіл топ қазаға ұшырағанда Жасұзақ аман қалады.

Жарылыс туралы мәліметтен кейін оқиға орнына тікұшақ келіп қонады. Санитарлар қаза болғандардың мүрделерін тией бастағанда шеттеу жерге ұшып кеткен, есі бір кіріп, бір шығып жатқан Жасұзақ тікұшаққа сыймай қалады.

«Кебенегін» күткен үй іші оның тірі екендігінен үміттерін үзе бастайды.

Соқпақ жолда қалған жаралы Жасұзақтың ендігі көрер күні қандай болмақ? Ауылына аман-есен орала алады ма? Көруге шақырамыз! 

Прочитано 13343 раз Последнее изменение«Бейсенбі», 25 Қаңтар 2024 14:47

Другие материалы в этой категории: « «Көкжал» телехикаясы «Дала қырандары» телехикаясы »

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.