Хабар телеарнасы
aaa
«Сәрсенбі», 30 Қыркүйек 2020 09:22

«Келінжан 2»

Оцените материал
(0 голосов)

Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,

Көл-дария секілді пейілдері.

«Абысын тату болса, ас көп» деген,

Мақалдың айтылуы тегін бе еді...

Қазақы тұрмысты, отбасылық құндылықтарды, келін мен ене арасындағы тату-тәтті қарым-қатынасты әдемі әзілмен, орынды қалжыңмен жеткізіп, көзі қарақты көрерменнің көңілінен шыға білген.

Екінші маусым Асқар мен Асылымның сәбилі болып ауылға оралуымен басталады. Кіші келінді қара шаңырақтың анасы, яғни енесі жылы қарсы алады. Ағалы-інілі Қылышбек пен Мәдібек, абысынды Айсара мен Балқияның өмірі де бәз-баяғы күнделікті күйбең тіршіліктіктің қызығы мен шыжығына толы.

Жаңа маусымда жаңа кейіпкерлер де бар. Жас келінге демеу болған Қасым атаның үйіне бозбала келген болса, Қылышбек жұмыс істейтін мектепке жаңа директор тағайындалады. Айсараның ызасын келтіретін бұл кейіпкер көпшіліктің көңілінен шығар ма екен?

«Келінжан-2» телехикаясының екінші маусымы 15 бөлімнен тұрады. Түсірілім тобы: «Қарапайым қазақ шаңырағындағы әрбір оқиға алдыңғы бөлімнен де әсерлі болады», – дейді.

Прочитано 10114 раз Последнее изменение«Бейсенбі», 25 Қаңтар 2024 14:38

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.