Көрерменнің көңілінен шыққан «Пәленшеевтер» телехикаясының жаңа маусымы жаңа оқиғалар мен күлкілі ситуациялардан құралады. Телехикаядағы әрбір отбасы мүшесі – өзінің мінезі, әлемі, өмірлік мақсаты және кемшіліктері бар комикалық кейіпкер. Шекспирлік қым-қуыт оқиғаларға толы комедияның жаңа маусымында Пәленшеевтердің Түгеншеевтер деген жаңа көршісі пайда болады. Ол жанұя айрандай ұйыған үлгілі, өнегелі, яғни Пәленшеевтер отбасына қарама-қайшы әулет болып табылады. Телехикая барысында екі отбасы бір-бірін бәсекелес көріп, әрдайым түрлі ситуацияға тап болады. Ең қызығы, Пәленшеевтердің кенже баласы Түгеншеевтердің қызына ғашық болып қалады.
Ендеше осы қызыққа толы телехикаяны бірге тамашалайық!
Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.