Көшпенділер ойындары: бесінші жарыс күні қалай өтті?
Бүгін корештен 90 келі салмақ бойынша Біржан Шаймерденов алтын алды. Ал Оваридан әйелдер арасындағы бірінші орын қазақстандық спортшыға бұйырды. Одан бөлек, «ордо» және «ашыртмалы аба гюреші» бойынша тартысты жарыс өтті. Нәтижелер қандай?
Бұл Африкалық ойын – овари. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалаққа ұқсайды. Төрешілердің айтуынша, қазақстандық спортшылар Африкадан келген спортшыларды жеңіп жатыр. Бүгінгі ойын қалай өтті? Қарсыластырыңыз басым ба?
Дженифер Нжабили, Овари ойыншысы /Танзания/:
- Маған бүгін уақыт жағынан үлгеру қиын болды. Қазақстандық спортшылар мықты болды. Бірінші рет Қазақстанда болып отырмын. Маған ұйымдастыру жағы ұнады. Жалпы қазақ халқы жақсы.
Бұл спорт түрінен 35 елден 90 спортшы бақ сынады. Жарыс нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте Қазақстан күміс жүлдегер. Ал алтын Қырғызстанға бұйырса, қоланы Ресей мен Моңғолия қанағат тұтты. Овариде әйелдер арасында Әсел Далиева чемпион атанды. Бұған дейінгі көшпенділер ойынында жеке есепте 4 алтын алған.
Әсел Дәлиева, Көшпенділер ойынының чемпионы:
- Екеуіміз бір ұтып, бір ұтылдық. Қырғыздармен кездескенде. Жекелей есепте бірінші орын алдым. Екі қырғыз, сосын Франция жақсы ойнады. Чехия Республикасы, одан кейін екі африкалықпен ойнадым. Ойындар өте тартысты болды.
Татарлардың ұлттық ойыны кореш бойынша 21 елден 70-ке жуық спортшы келді. Олар бүгін белдесіп, 65 келі салмақ бойынша алтынды Ресейден келген спортшы алды. Күміс қазақстанды спортшы Әділет Шалғынбекұлына бұйырды. Қола қырғызстандық ағайынға тиесілі. 75 келі салмақ бойынша бірінші орын Қырғызстан елінде, екінші орында Ресей құрамасы. Қола медалін өзбекстандық споршы иемденді.
Рүстем Хасаншин, кореш бойынша халықаралық федерацияның өкілі:
- Африкадан келген спортшылар бұл корештен мықты. Одан бөлек, Ресей, Қазақстан,Түркіменстаннан келгендер де басым болып жатыр. Жалпы күресе алатындар бұл спорттан жеңіске жете алады. Бастысы, белбеуден ұстап, қарсыласын көтеру. Бір иық қырымен жатқызу керек. Бұл нақты жеңіс пе, әлде басқа тәсіл ме төрешілер анықтайды.
Қырғыз халқының ұлттық ойыны ордоның топтық кезеңіндегі кездесулер жалғасуда. Қазақстан Б тобындағы алғашқы ойынын Чехия құрамасына қарсы өткізіп, ойсырата жеңді. Енді Монғолия асықшыларына қарсы ойнайды. Финалдық ойындар ертең «Алау» мұз айдыны кешенінде өтеді. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашыртмалы аба гюрешине 19 мемлекетінен 74 спортшы келді. Қазақстандық 5 балуан іріктеу кезеңіне қатысып, оның 3-еуі жартылай финалға өтті.
Авторлары: Диана Қадыр, Қанат Әділдин