Саяси қуғын-cүргін құрбандарын ақтау. «Бүгін»
ХХ ғасырдың саяси қуғын-сүргін зобалаңы халқымыз үшін қасіретті кезең болды. Зұлмат жылдары 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын халық жадында сақтап қалу үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылдың 24 қарашадағы Жарлығына сәйкес Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Бүгінге дейін комиссияның бірнеше отырысы өтті, жұмыс тобы бекітілді. Олар қандай жұмыстар атқарып жатыр? Жалпы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру бойынша қандай іс атқарылу тиіс?
«Бүгіннің» алаңы осы және өзге де маңызды сауалдарды талқылайды.
Студия қонақтары:
- ҚУАТ БОРАШЕВ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМАНЫ БАСҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ;
- ИБРАИМ БАБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ АРХИВ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМАНЫ БАСҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ;
- ЕРКІН ӘБІЛ, МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР;
- БҮРКІТБАЙ АЯҒАН, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, ҚР БҒМ МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, КОМИССИЯ МҮШЕСІ;
- МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ СӘБИТҚЫЗЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ.