Қазақстан-Қатар ынтымақтастығы жыл өткен сайын нығайып келеді
Қазақстан мен Қатардың сауда-экономикалық, саяси, мәдени ынтымақтастығы жыл өткен сайын нығайып келеді. Мәселен, 2022 жылы екі ел арасындағы қаржы айналымы - 6,5 миллион доллардан асса, былтыр бұл көрсеткіш екі есеге жуық өсіп, 10 миллион долларға жақындаған.
Қос ел арасында әуе қатынасы 5 жыл бұрын орнады. Былтыр Қатарға тікелей әуе рейстері ашылды. Өткен жылы құны 250 миллион доллар болатын, 60-қа жуық өнімді Қазақстаннан Қатарға экспорттау туралы келісімдерге қол қойылған. Сарапшылар соңғы үш жылдағы мөр басқан келісімдер, түрлі саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтатынын айтып отыр.
Риззат Елубаев, Қазақстан әлеуметтік даму институтының сарапшысы:
-Екі мемлекет бір-бірне не бере алады деген сұрақ туындайды. Осы орайда екі ел арасында қалыптасқан үрдістерді оңтайландыру керек. Бұрыннан қозғалып келе жатқан халал сертификаттардың мәселесі бар. Қазіргі таңда Қазақстан қой етінің экспортының 22,7% Қатарға экспорттайды. Қатардан керісінше бізге балық, бал деген секілді тауарлар әкелінеді.