Таза Қазақстан: Таразда 31 тонна қоқыс шығарылды
Таразда «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 143 саябақ пен 60 тарихи-мәдени ескерткіш аумағы тазартылып, 31 тонна қоқыс шығарылған. Сондай-ақ каналдар мен арық-атыздар аршылды. Шаһардың шырайлана түсуіне 5 мыңға жуық белсенді атсалысқан. Тазалық жұмыстары күн жылынысымен қайта жанданбақ.
Абзал Есіркепов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры:
-Жастарымыздың ынтасы өте жақсы дегіміз келеді. Өйткені эковолонтерларымыздың дәл қазіргі уақытта Еуропа елдерінде олардың алатын орны ерекше. Жалпы осы екі айдың ішінде 100-ге жуық волонтерларымыз тіркелді.