Павлодар вокзалы алғаш рет күрделі жөндеуден өтті
KAZ Minerals тобы Павлодардың теміржол вокзалын қайта жаңғыртты. Қала үшін маңызды нысан жаңа келбетке ие болды. Қасбеті жаңарып, жылыту және жарықтандыру жүйелері толық ауыстырылған. Мүгедектігі бар адамдар үшін екі лифт пен пандустар орнатылыпты. Жалпы теміржол вокзалының іргесі 1981 жылы қаланған. Содан бері кең ауқымды жөндеу жұмыстары алғаш рет жүргізіліп отыр.
Павлодарға келген жолаушылар дәл осы галерея арқылы өтеді. Рамазан Керімбаев 40 жыл бұрын теміржол вокзалының құрылысына атсалысқан. Содан бері көп нәрсе өзгермепті. KAZ Minerals тобы қомақты қаржы бөлгеннен кейін теміржол вокзалы заман талабына сай қайта жаңғыртылды.
Джейми Каратти, KAZ Minerals Bozshakol ЖШС бас директоры:
- Мен теміржол вокзалының жаңарғанына өте қуаныштымын. Біз құны 1,5 млрд теңгеден асатын бұл жобаны қуана қолдадық. Қала тұрғындары мен қонақтары вокзалдың жаңа келбеті мен жайлылығын жоғары бағалайды. Ал бұл нысан көптеген жылдар бойы елге қызмет етері хақ.
Кең ауқымды жөндеу жұмыстары теміржол вокзалын толық қамтыған. Инженерлік желілер, ақпараттық тақта мен анықтама алу орындары, күту залы мен демалыс аймақтары жаңартылды. Тамақтану орны қайта жабдықталып, вокзалға іргелес аумақ абаттандырылған.
Сауалнама:
- Кіргенде енді көзге түсті. Жақсы, әдемі іші. Жылы болып тұр. Заманауи қылып істеп жатыр. Ремонт жақсы істеді, түгелі керемет.
Павлодардың теміржол вокзалының 100 жылдық тарихы бар. Пойыздар тоғыз бағыт бойынша қатынайды. Вокзал қызметін күніне 1,5 мыңдай адам пайдаланады. KAZ Minerals тобы өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуде.
Асайын Байханов, облыс әкімі:
- Негізінде бұл вокзал 40 жылдай мынандай күрделі жөндеуді көрмеген. Әрине, вокзал – мына әр қаланың келбеті. Келген адамдардың, қонақтардың жайлылығына әсер етеді. Бұл вокзалдың жөндеуі KAZ Minerals Bozshakol өнеркәсібінің жеке қаражатына істелінген. Бұл демеуші ретінде берілген қаражат. Осы қаражатқа біз биыл осы Павлодар қаласының вокзалын жаңарттық.
Екібастұздағы балалар шығармашылығы орталығының құрылысына да KAZ Minerals тобы өз үлесін қосады. Компания көрші Абай облысында да бірқатар әлеуметтік жобаларлы қолға алынған.
Қарлығаш Қасиетова, Марат Игіліков, Дәулет Қошқарбаев