Павлодарда жедел басқару орталығы жаңартудан өтті
Павлодарда жыл басталмай жатып жүзге тарта әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Сондай-ақ бір есірткі қылмысының жолы кесілді. Қылмысты дер кезінде ашуға жедел басқару орталығының көмегі зор.
Орталық былтыр толық жаңартылды. 17 жылда алғаш рет жиһаз бен техникасы ауыстырылды. Адамдардың бет-әлпетін анық көрсететін LED экран, қала көшелерін тәулік бойы бақылайтын 117 жаңа камера орнатылды.
Ренат Шамғұнов, қалалық ПБ ЖБО бастығы:
- 2024 жылы бізде 225 қылмыс ашылып, 9 мыңдай әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Күні кеше инспекторлар жаңадан орнатылған камералардың көмегімен есірткі жасырып жүрген курьерлерді анықтады. Жас қыз бен жігіт екен. Олардан 10 түйіншек тәркіленді. Алдын ала гашиш болуы мүмкін,- деп болжап отырмыз.