Сағадат Нұрмағамбетов. «Сертіне берік сардар». «Тарих. Тағдыр. Тұлға»
17-ге енді толған бозбала ел шетіне жау тигенде майдан даласына өз еркімен баруға бекінеді. Бір емес, бірнеше рет меселі қайтып, өтініші қабылданбайды. «Бұғанаң бекіп, қабырғаң қатпаған өрімдей жассың» деп бетін қайтарады. Соғыс оның «мұғалім болам» деген арманына біржола тосқауыл қояды. Дегеніне жеткен бала батыр Ұлы Жеңіс үшін тайсалмады. Ол қайсар жүрек иесі – Сағадат Нұрмағамбетов.
Ұлы Отан соғысында ерекше ерлігімен көзге түскен қаһарман батыр Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі тарихтың тамырына түюлі, ерлігі алтын әріптермен жазулы.
Батырдың ерлік істерге толы ғұмырын «Тарих. Тағдыр. Тұлға» циклінен тамашалаңыздар!