Болат Мажағұлов 8,5 жылға сотталды
Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Аты шулы Субұрқақ ісіне нүкте қойылып, сот үкімі шықты. Екінші сотталушы Қанапин мырзға 3,5 жыл кесілді. Сот Мажағұлов пен Қанапинді келтірілген 1 млрд 86 млн теңге көлеміндегі материалдық шығынды бірлесіп өтеуге міндеттеді.
Еске сала кетсек, Болат Мажағұлов «Күн» атты субұрқақ құрылысына бөлінген миллиардтан астам қаражатты қымқырды деген күдікпен қамалып, сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде талан-таражға салды, - деп айыпталған болатын. Мажағұлов кінәсін мойындаған жоқ.
Ал еліміздің Жемқорлыққа қарсы қызметі спорт саласындағы заңбұзушылықтарды анықтап, 300-дей жалған дипломды әшкереледі. Ведомствода мәлімдегендей, заң бұзғандар арасында 9 басшы мен 248 бапкер бар. Іс материалдарының барлығы сотқа дейінгі тергеп тексеруге Ішкі істер органдарына жолданып, 250 адам жұмыстан босатылды.
Антикорда атап өткендей, жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамалар көтерілуде. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді кәсіби адалдыққа тест арқылы тексеру тетіктері бар.