Ұлттық ұлан мен Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларына қарсы күш біріктіреді
Ұлттық ұлан мен Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларына қарсы күш біріктіреді. Жоба әскерилерді күдікті схемалар туралы ақпараттандырып, алаяқтардан сақтауға бағытталған. Ұландықтар бұл ынтымақтастық қаржылық алаяқтыққа байланысты қатерлердің алдын алып, қаржылық сауаттылықты арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. ///
Түркияға қашпақ болған қаржы пирамидасының басшысы Астана әуежайында ұсталды.
«LIVEGOOD» қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшесі 2023 жылдан бері биологиялық белсенді қоспалар сатқан. 6 мыңнан астам адам айына 2 мың АҚШ долларына дейін бонус алудан үміттеніп, компанияға ай сайын 50 АҚШ долларына жазылым сатып алған. Күдікті заңсыз жолмен алынған қаражатты өз атына және сенімді тұлғаларға рәсімдеген. Сот санкциясымен тәркіленген 19 миллион теңге және 4 мың АҚШ долларына тыйым салынды.
Шымкентте экс-судья алаяқтық үшін сотталды
Шымкентте экс-судья мен танымал адвокатқа алаяқтық бабы бойынша сот үкімі шықты. Сотталушылардың қатарында процессинг орталығының да қызметкері бар. Тергеу материалдарына сәйкес, күдіктіні бас бостандығынан айырмауға әріптесін көндіру үшін 60 мың долларға келіскен. Алайда уәде орындалмаған. Экс-судья 7,5 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына шеттетілді. Адвокат 6 жыл 8 айға, ал процессинг орталығының қызметкері 5 жылға сотталды.