Биыл «Тұмар 2022» ұлттық телевизиялық сыйлығына 10 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім келіп түсті.
Өтінімдердің көбі «Үздік деректі фильм», «Үздік ақпараттық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік тележурналист» және «Үздік тележүргізуші» номинациялары бойынша қабылданды. Ұлттық телевизиялық бәйгеге 2021 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыстырылды.
«Хабар» Агенттігінің төрт жобасы, сондай-ақ тележүргізуші Динара Сәду және Оңтүстік Кореядағы меншікті тілші Владислав Цой «Тұмар 2022» ұлттық телевизиялық сыйлығының шорт-парағына енді.
Марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасының мүшелері сыйлықтың шорт-парағына енген 40 үміткерді жариялады:
Үздік тележурналист
Үздік тележүргізуші
Үздік режиссерлік жұмыс
Үздік деректі фильм
Үздік әлеуметтік жоба
Үздік ток-шоу
Үздік ойын-сауық бағдарламасы
Үздік телевизиялық сериал
Үздік ақпараттық бағдарлама
Үздік аймақтық телеарна
«Тұмар» ұлттық бәйгесінің марапаттау рәсімі 2022 жылы 28 маусымда Нұр-Сұлтан қ. «Қазмедиа орталығы» киноконцерт холлында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Тұмар» телевизиялық шеберлік саласындағы жоғары жетістіктері үшін ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлық жеңімпаздары қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы және «Тұмар» мүсіншесінің иегері болады.