Агенттіктің жаңа басшысын ұжымға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Эльдар Толғанбаев таныстырды. Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Қазақ гуманитарлық-заң университетінде білім алған, сонымен қатар Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын тәмамдады. Еңбек жолын 2000 жылы "Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда қызмет істеді. 2015-2016 жылдары «Қазмедиа орталығы" Басқарушы компаниясы» ЖШС-де, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық қызметтер атқарды. 2016-2017 жылдары - "Қазақстан" телерадиокорпорациясы" АҚ Басқарма Төрағасы. 2019-2020 жылдары - "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ Басқарма Төрағасы.2020-2022 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.2022 жылдың ақпан айынан бастап "Ұлттық Медиа Қауымдастығы" ЗТБ төрағасы болды.