«Хабар» арнасында жаңа түрік телехикаясы эфирге шығады

«Хабар» арнасында жаңа түрік телехикаясы эфирге шығады
  • 3794
  • 04.12.2023, 18:44

Бүгіннен бастап «Хабар» арнасында жаңа түрік телехикаясы эфирге шығады. Туынды «Шерлі жүрек» деп аталады. Басты кейіпкер - Джаннет есімді бойжеткен. Ол тұрмысқа шығып бақытты отбасы болуды армандайды. Алайда күйеуі ішімдікке салынып, шаңырақтың шырқын бұзатын азамат болып шығады. Әрқашан көңілді, өмірге құштар, жайдары мінезді қыз зорлық-зомбылықтың құрбанына айналады. Джаннет жары өзгереді деп үміттенді, сенді. Сол жолда күреседі. Телехикая жұмыс күндері 20:00-де көрермен назарына ұсынылады.