«Хабар» Агенттігі» АҚ қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері бойынша семинар өткізілді

2024 жылғы 29 наурызда «Хабар» Агенттігі» АҚ қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және комплаенс бақылау саласындағы сарапшы,«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс», «ISO 37001 стандарты негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізу» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қолданбалы аспектілері» курстарын әзірлеуші Айбектің Мейрамханұлы Қабылдиннің,сондай-ақ, ШҚО бала құқықтары жөніндегі уәкілінің жұртшылық өкілі(омбудсмен), «Альтернатива» Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығы» ҚБ Басқарма Төрағасы, кәсіби медиатор, тренер-медиатор, С.Аманжоловатындағы Шығыс Қазақстан университетінің құқықтану кафедрасының синьор-лекторы Ақсана Александровна Қаленованың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі. ISO 37001: 2016 халықаралық стандартының талаптары (Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу)» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Аталған оқыту іс-шарасы «Хабар» Агенттігі» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты (ҮББ-4) жобалық басқарудың төртінші блогын іске асыру аясында бағытталған.