Отандық телеарналарда ұлттық құндылықтар көптеп дәріптелуі қажет. Зиялы қауым өкілдері «Хабар» Агенттігінің 30 жылдығына орай өткен кездесуде осындай ұсыныс айтты. Яғни қазіргі жас буынға ұлтымыздың тарихына, салт-дәстүріне қатысты рухани-мәдени бағыттағы контенттер ұсынған абзал. Кездесу барысында, ағарту, мәдениет және өнер саласының майталмандары телеконтентке қатысты өз ойларын ортаға салды. «Әсіресе, телесериалдар өндірісінде, ойын-сауық бағдарламаларда тіл тазалығына баса мән берген жөн»,–дейді. Сондай-ақ мұрағаттарда сақталған отандық ғалымдардың зерттеулерін, құнды хаттарды, тарихи тұлғалар мен көне жәдігерлерді ерекше форматта көрсетуге болатынын жеткізді.