Ұлттық кітап күні қарсаңында «Хабар» Агенттігі ілкімді іске ұйытқы болды.
Астананың іргесіндегі Талапкер ауылындағы мектеп кітапханасына 100 кітапты тарту етті. Агенттік қызметкерлері жинап берген бұл кітаптардың арасында көркем әдеби туындылармен қатар оқу бағдарламасына енген шығармалар да бар. Ал ғылыми мазмұндағы жинақтар оқушылардың көмекшісіне айналатыны анық. Қолға түсе бермейтін туындыларды мектеп ұжымы қуана қабыл алды.
Айта кеткен жөн, «Хабар» Агенттігі мұндай акцияны бұған дейін де ұйымдастырған еді. Агенттік қызметкерлері Ұлттық кітап күні қарсаңында «Ханшатыр» орталығында кітап таратты. Сол күні әртүрлі жанрдағы жүзден астам кітап өз оқырманын тапты.
Дәулетхан Жиенқұлов, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Қазіргі жаңа технологияны, техникаларды меңгеру – ол тіпті заман талабы. Ол айтпаса белгілі, маңызды мәселе. Дегенмен рухани әлем, рухани ырзық, рухани дүниелер, рухани құндылықтар ешқашан өшпейді.