24KZ арнасы «Бірлік формуласы» телемарафонын бастады

  • 23
  • 01.05.2025, 09:25

Маңызды мерекеге орай еліміздің басты ақпараттық арнасы 24KZ «Бірлік формуласы» телемарафонын бастады. Астананың өзінде бірнеше көшпелі студия жұмыс істеп тұр. Солардың бірінде қазір біздің әріптесіміз Әнуарбек Мырзатайұлы тұр. Әнуарбек, телемарафон барысы жайында айтып берсеңіз. 

Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші:

- Иә, телемарафон бірер минут бұрын ғана басталды. Біз қазір Қазақ елі алаңында жасақталған жылжымалы студияда тұрмыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай, жүргізушілер мерекенің тарихы мен маңызы туралы айтып, бейнесюжеттерге кезек беріп жатыр. Елорданың өзінде дәл осындай екі жылжымалы студия жұмыс істеп тұр. Телемарафон алты сағатқа созылады. Аймақтардағы тілшілер қосыны, шетелдердегі әрптестеріміз және жаңалықтар қызметі тікелей эфирде жұмыс істейді. Басты мақсат - еліміздің ең асыл құндылығы достық, ынтымақ және бірлікте екенін дәріптеу. Сондай-ақ көптеген ұлт өкілдері тұрып жатқан еліміздегі татулық пен келісімнің өміршең болуына сүбелі үлес қосып келе жатқан маңызды институт Қазақстан халқы Ассамблеясының ерекше рөлі, тың жобалары туралы да айтылады. Еліміздегі ұлттар бірлігі туралы насихаттап жүрген шетелдіктер де көрсетіледі. Олардың арасында, Қазақстанда туып-өсіп, бүгінде Азия, Европа, Америкада тұрып жатқан жерлестеріміз де болады. Тағы да атап өтейін, елімздің басты ақпараттық арнасында бүгінгі телемарафон сағат 15:00-ге дейін жалғасады.