«Хабар» майталмандарымен бір ай: эфир тізгіні Досымбек Өтеғалиевте

  • 18
  • 25.09.2025, 19:33

Белгілі журналист, тележүргізуші Досымбек Өтеғалиевпен жаңалық жүргізу бақыты маған бұйырып тұр. Ол 2001-2004 жылдары «Хабар» агенттігінде жұмыс істеп, жаңалық жүргізді. Басқа да арналарда қызмет еткен. 2010 жылдан бері «Заң» және «Юридическая газета» сияқты құқықтық басылымдар шығаратын «ЗАҢ» Медиа-корпорациясы» компаниясын басқарып келеді. Десе де, Досымбек Қонысбекұлы «Хабар» агенттігімен байланысын үзбей, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» және «Хақың бар» бағдарламаларын жүргізіп жүр. Көрерменнің көзайымына айналып, тыңдарманның жүрегіне жол тапқан жүргізуші бүгін біздің студиямызда. Досымбек Қонысбекұлы, қош келдіңіз! Эфир тізгіні Досымбек Қонысбекұлында.