«Хабар» агенттігінің 30 жылдық тарихында телеарнаның дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген тұлғалар аз емес. Солардың бірі – журналистика майталманы, тележүргізуші Еркін Байғабылұлы. Ол «Хабар» арнасындағы еңбек жолын 1996 жылы жаңалықтар қызметінен бастады. Қатардағы тілшіден, жүргізуші, продюсер-редактор қызметіне дейін жетті. Әріптесіміздің «7 күн» апталық-сараптамалық бағдарламасына қосқан үлесі де зор. Сондай-ақ ол «24.kz» арнасындағы «Анығын айтқанда» бағдарламасының жүргізуші-авторы болды. Ал 2021 жылдан бері «Күн тәртібі» бағдаламасын жүргізеді. Айта кетейік, Еркін Байғабылұлы – Қазақстан журналистері одағы сыйлығының иегері, Тұмар ұлттық телевизия байқауының жеңімпазы, ЮНЕСКО сыйлығының иегері.