«Хабар» арнасынан «Жарық күн» телехикаясы көрерменге жол тартады

  • 15
  • 28.10.2025, 19:47

Күнделікті өмірде айналамызда жүрген қарапайым еңбек адамдарына назар аудармаймыз. Олардың еңбегі қоғам үшін маңызды болса да, елене бермейді. Солардың бірі көше сыпырушылар.

«Хабар» телеарнасының тапсырысымен түсірілген «Жарық күн» телехикаясы қарапайым тазалықшыларды дәріптейді. Сериалда адалдық, адамгершілік пен махаббат оқиғалары өрбиді. Жобада тәжірибелі топ жұмыс істеді. Ауқымды кастинг өткізіліп, қырықтан астам актер таңдалды. Олардың қатарында Қазақстанның театр және кино саласының танымал тұлғалары бар. Үлкен қаладағы қарапайым адамдардың еңбегі мен өмір күресін бейнелейтін «Жарық күн» телехикаясының алғашқы бөлімі арнамыздан сағат 21.45-те көрсетіледі. 

Болат Әбділманов, актёр, Қазақстанның халық артисі:

- Қазіргі мынау қатігез, өмірдің бәрі дүниемен өлшенетін заманда махаббаттың да, адамгершіліктің де бар екенін көрсету маңызды. Әкені сыйлау, ананы құрметтеу – адамдықтың белгісі. Ауылдан шыққан бала мен қаладан шыққан қыздың арасындағы махаббатқа осы екі нәрсе кедергі бола тұра, сол кедергіні жеңе білуі – махаббаттың күшін көрсетеді. Ал сол жолда құрбандық та болады.