Бүгін «Хабар» агенттігіне 31 жыл толды. Біздің агенттік көп жылдан бері халықаралық ақпараттық серіктестерімен байланыс орнатып, заман талабына сай өркендеу жолында келе жатыр. Ел аймақтарынан өзге, шетелдерде де тілшілер қосыны жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде «Хабар» ақпараттық саясатты ең сенімді жеткізуші, саяси-әлеуметтік, мәдени құндылықтар мен дәстүрді насихаттаушыға айналды. Бүгінде агенттік құрамында екі телеарна бар. «Хабар» және тәулік бойы жұмыс істейтін ақпараттық «24 KZ» арналары.