Сианьдағы саммит қарсаңында Орталық Азия елдері мен Қытай БАҚ өкілдері бас қосты. Шара Бейжіңде офлайн және онлайн форматта өтті. Жиынға қатысушылар аймақтың дамуы мен өңіраралық ынтымақтастықты нығайту жайын жан-жақты талқылады. Ақпарат құралдары арасындағы серіктестікті кеңейте түсу жолдары да сөз болды. Сарапшылар «Бір белдеу — бір жол» бастамасының маңызы мен жобаның жүзеге асу барысы туралы айтты.