Су қоймалары мен өзен деңгейін бақылау қалай жүріп жатыр? LIVE
Елдегі су қоймалары мен өзен деңгейін бақылау қалай жүріп жатыр? Мұны білу үшін біз су ресурстары және ирригация министрлігіндегі жауапты мамандарға сұрау салдық. Осы министрлік құрамындағы су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Сәкен Әтел бізбен тікелей байланысқа қосылды. Көктем жақындады. Биылғы қыс жылдағыдан ерекшелеу болып тұр. Жердің тоңы жібіп, қар еріп, өзен-көлге су тола бастайтын сәт алыс емес. Әзірлік қалай?