Трамп пен Путин Сауд Арабиясында кездеседі
Дональд Трамп телефон арқылы Владимир Путинмен сөйлесті. АҚШ президентінің айтуынша, 1,5 сағатқа жалғасқан әңгімесі мазмұнды болған. Путинмен Украинадағы ахуал бойынша келіссөздер бастауға келісіп, онымен алғашқы кездесуі Сауд Арабиясында өтетінін мәлімдеді. Осыдан кейін бірден Владимир Зеленскийге де телефон соқты. Ол телеграм-арнасында Трамппен сөйлескенін растады, бірақ жай-жапсарын ашқан жоқ. Дональд Трамп та бейбіт келісімнің шарттары немесе алдын ала мәмілелер туралы айтпады.