Бір тәулікте күші 5,9 және 4,2 болған екі жерасты дүмпуі тіркелді. Зілзала салдарынан бір бала опат болды. 94 тұрғын үй қираған. Табиғи апаттан келген шығынды бағалау және қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін республикалық комиссия құрылды.
Зілзала эпицентрі Душанбеден 180 шақырым қашықтықта болған. Біздің ел аумағында Шымкент пен Түркістанда және бірқатар елді мекенде де сезілген. Зардап шеккендер жоқ.