Басқосуда мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі инвестиция тарту бағдарламасы бекітілді. Сондай-ақ жиында денсаулық сақтау саласын әртараптандыру, жаңа технологиямен қамтамасыз ету тетіктері талқыланды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы өзара экономикалық көрсеткіштерді еселеуге күш салмақ. «Бұған толық мүмкіндік бар»,– дейді жиынға қатысушы тараптар. Әлемдегі геосаяси оқиғалар елдердің бір-бірімен алыс-берісін арттыруға, жаңа транзиттік бағыттарды ашуға, отандық өнімнің үлесін арттыруға әкеліп отыр.
Сергей Лебедев, ТМД атқарушы комитетінің төрағасы:
-Бүгінгі ТМД елдері экономикалық кеңесінің отырысы өте нәтижелі болды. Мемлекеттердің өзара экономикалық байланыстарды тереңдетуге деген қызығушылығы жоғары. Әрине бұл сала ТМД ұйымының негізі бағыты екенін ұмытпау керек. 20 құжатқа қол қойылып, жиынымыз жоспарланған уақыттан ерте аяқталды. Бұл біздің өзара түсіністігіміздің жемісі.