Үндістан мен Пәкістан арасындағы жанжал ушығып барады

  • 65
  • 08.05.2025, 18:36

Пәкістан әскерінің өкілі бүгін түнде 12 дрон қағып түсіргенін хабарлады. Оның бірі Лахор қаласында әскери нысанға құлап, 4 сарбаз жараланды. Синд өңірінде құлаған дроннан бір бейбіт тұрғын опат болды. Мамырдың 7-сінде түнде болған әуе шабуылынан 31 адам қаза тауып, 57-сі жараланды. Пәкістан өкілдері 5 ұшақты жойғанын жариялады. Алайда Үндістан тарапы мұны растаған жоқ. Кашмирдегі шекарада болған атыстан 15 адам мерт болғанын хабарлады. Әлем елдерінің басшылары екі жақты да сабырға шақырып отыр. Жалпы ахуалдың ушығуына екі апта бұрын болған лаңкестік әрекет себеп болды. «4 қарулы адам Кашмирдің Үндістан бақылауындағы бөлігінде туристерге оқ жаудырып, 26 адамды өлтірген. Нью-Дели осы үшін Исламабадқа айып тақты. Пәкістан билігі бұған қатысымыз жоқ», дейді.