Францияда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге тағзым етілді

  • 32
  • 08.05.2025, 19:06

Франция аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің нақты саны әлі күнге дейін белгісіз. Дипломаттар туған жердің топырағы бұйырмаған сарбаздардың сүйегін іздеуді жалғастырып келеді. Францияда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан Қазақстан жауынгерлерінің рухына тағзым етілді. Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған еске алу шарасына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Армения мен Тәжікстанның дипломаттары жиналды. Олар ескерткіштерге гүл шоғын қойып, бір минут үнсіздік жариялады.

Гүлсара Арыстанқұлова, Қазақстанның Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі:

-Бір жағынан үлкен сабақ болып, соғыс қайталанбасын деп, соны өзіміз және артымызда келе жатқан ұрпақтарға соны жеткізу маңызды.

Сильван Пинар, тарих жөніндегі қауымдастықтың жетекшісі:

-Осы зиратта кеңес әскерінің бірнеше мың сарбазы жерленген. Кейбірі Францияға кеніш пен зауытта жұмыс істеуге жіберілді. Бірақ көбі Қарсыласу қозғалысына қосылды. Олар Кеңес әскерінің жауынгері бола тұра, Францияның еркіндігі үшін ерлікпен күресті.