Болгарияда екі қазақ жауынгеріне гүл шоқтары қойылды

  • 316
  • 09.05.2025, 18:36

Болгарияда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай екі қазақ жауынгерінің қабіріне гүл шоқтары қойылды.

Олар Түркістан облысының тумасы Бердалы Қолдасов пен Абай облысынан майданға аттанған Константин Гвоздеев. Екеуі де Болгарияны азат ету кезінде ерлікпен қаза тапқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, батырлардың ерлігі ел жадында сақталады.