Ашхабадта климаттық өзгеріс талқыланып жатыр

  • 55
  • 14.05.2025, 18:40

Ашхабадта климаттық өзгеріс талқыланып жатыр.

Бұл басқосу басқа жиындардан өзгерек. Себебі әлемде экологиялық қауіп үдеп, жаһандық температура рекорды жаңарып жатыр. Орталық Азия елдері осынау мәселенің түйінін шешу үшін климаттық қаржыландыруды жұмылдырмақ. Сондай-ақ конференцияда ұлттық басымдықтарды өңірлік климаттық архитектураға біріктіруге назар аудару, төмен көміртекті даму жолына көшу тәжірибелерімен алмасу мәселесі сөз болды.

Елімізде бұл ауқымды басқосуға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттарының және Парламент өкілдерінен құралған делегация қатысуда.