Франция Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге атсалысуға дайын

  • 643
  • 15.05.2025, 18:41

Франция бүгіннен бастап Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге атсалысуға дайын. Бұл туралы еуропалық елдің Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро мәлімдеді. Жалпы еуропалықтар АҚШ-тың оқ атуды толық тоқтату ұсынысын жаппай қолдап отыр. Сондай-ақ Франция мен Ұлыбритания Украина мен Ресей арасындағы оқ атпау тәртібінің сақталуын қадағалау үшін бітімгер күштер құруды ұсынған. ЕуроОдақ астанасы саналатын Брюссельде Ыстанбұлдағы келіссөз барысын бақылап отырмақ. Бельгиядағы сарапшылар осы жолғы кездесу қос тарапты бітімге бастайды деп үміттенеді. ЕуроОдақ Ресей оқ атпауға келіспесе, мұнай мен газ өндірісіне қарсы жаңа санкциялар енгізбек.