Ыстамбұлда өткен Түркия–АҚШ–Украина үшжақты кездесуі аяқталды.
АҚШ делегациясының құрамында елдің сыртқы істер министрі Марко Рубио, АҚШ-тың Анкарадағы елшісі Том Баррак және президент Дональд Трамптың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог болды. Ал Украина делегациясын Президент әкімшілігінің жетекшісі Андрей Ермак, сыртқы істер министрі Андрей Сибига және қорғаныс министрі Рүстем Умеров бастап келді. Үшжақты кездесу аяқталысымен Түркия–Ресей–Украина форматына көшті. Бұл кездесу екі сағатқа жалғасты.
Нәтиже бойынша әлі ресми мәлімдеме жоқ. Рейтер агенттігінің дерегінше, екі келіссөз арасында АҚШ пен Ресей өкілдері жеке кездесу өткізген.
Хакан Фидан, Түркияның сыртқы істер министрі:
– Барлық тараптың бейбітшілікке шын ниетпен бейілдік танытуы – алда жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отырғаны бізді қуантады. Режеп Тайип Ердоған мен Дональд Трамптың бейбітшілікке шақыру үндеуіне Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің үн қосуы маңызды қадам деп есептейміз.