Мысырда көз жұмған Қазақстан азаматшасының Ішкі істер органдарының ардагері Ақмарал Мұқанова екені белгілі болды. Ол Ақтөбе облысының полициясында ұзақ жылдар қызмет етіп, зейнетке шыққан соң Астанаға қоныс аударған екен. Еске сала кетсек, Шарм-эш-Шейх әуежайының ұшу аймағында рейсін күтіп отырған жолаушылардың үстіне жарнамалық қалқан құлап, 4 отандасымызды басып қалған. Жарақат алған екі әйелдің өміріне қауіп жоқ. Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша қаза тапқан азаматшаның туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Египеттің азаматтық авиация министрлігі арнайы комиссия құрып, істі жеке бақылауына алған. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде. Марқұмның денесін елге жеткізу бойынша барлық шығындарды сақтандыру компаниясы өз мойнына алатын болды.