Астана уақытымен кешкі жетіде Дональд Трамп телефон арқылы Владимир Путинмен сөйлеседі. Трамп Ресей президентімен Украинадағы жанжалды тоқтату амалын талқылауды көздеп отыр. Осыдан кейін АҚШ президенті Владимир Зеленскиймен де әңгімелеспек. Өткен аптада Трамп егер Путин Зеленскиймен кездесуге Түркияға барса, өзі де сонда баратынын мәлімдеді. Алайда Ресей президенті бұл ұсынысын қабылдаған жоқ. Биыл ақпан айында АҚШ пен Ресей президенттері телефон арқылы байланысқан еді.