Еуроодақ Сириядан санкцияларды алып тастады

  • 36
  • 21.05.2025, 18:40

АҚШ зымырандардан қорғану жүйесін жасайды. Ал Еуроодақ Сириядан санкцияларын алып тастайтынын мәлімдеді. 

Мектеп автобусына шабуыл

Пәкістанның Белуджистан аймағында содыр мектеп автобусын жарып жіберді. Лаңкестік шабуылдан 6 адам қаза болды. Төртеуі - бала. Тағы 38-і жараланды. Әскери мектептің оқушылары мінген автобуста 46 адам болған. Әзірге ешбір ұйым жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Осы өңірде тәуелсіз мемлекет құруды көздеген топ билікке қарсы күресіп жүр. 

Зымырандардан қорғану жүйесі

Дональд Трамп «Алтын күмбез» деп аталатын зымырандардан қорғану жүйесі құрылатынын мәлімдеді. Айтуынша, ол бүкіл нысанды, тіпті гипер-дыбыстық зымырандарды қағып түсіре алады. Оны салуға алдағы үш жылда 175 млрд доллар жұмсау көзделіп отыр.

ЕО Сириядан санкцияларды алып тастады

Еуроодаққа мүше елдердің Сыртқы істер министрлері Сириядан санкцияларды алып тастауға келісті. Одақтың сыртқы саясат басшысы Кая Каллас бұл Сирия халқына елді қалпына келтіріп, бейбіт және әділ қауым құруға көмектеседі. Өткен аптада Дональд Трамп та Сириядан санкцияларды алып тастауды бұйырды.

Жапонияда министр қызметінен кетті

Жапония Ауылшаруашылығы министрі орынсыз айтқан сөзі үшін қызметінен кетті. Министр Таку Это елде күріш бағасы шарықтап кеткен кезде «Оны сатып алмаймын, жақтастарым тегін қамтып отыр»,- деген. Оның осы сөзі қоғам наразылығын тудырғаннан кейін отставкаға кетті. Күріш дақылы - Жапонияның негізгі азығы және мәдениеті мен тарихынының ажырамас бөлігі.