Аргентиналық дизайнер қазақтың ою-өрнегін зерттеп жүр

  • 70
  • 06.06.2025, 18:49

Димаштың өнеріне тәнті болып қана қоймай, қазақ мәдениетіне деген қызығушылығы оянған тағы бір адам — аргентиналық дизайнер Лола Монтеро.

Ол сән топтамасына қазақтың ою-өрнектерін қолданып жүр. Әсіресе ұлы далаға тән аң-құс стиліндегі ою-өрнектерді ерекше ұнататынын айтады.

20 жылдан бері сән индустриясында жүрген білікті маман оқу орындарында көркемөнер тарихынан сабақ береді. Димаштың әндерін тыңдап, қазақтың қолөнер бұйымдары мен музыкалық аспаптарын зерттей бастаған.