Экономика, әлеумет және экология мәселесі жаһандық деңгейде қаралады. Шілде айының 14-і мен 23-і аралығында Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси форумы өтеді. Әлемдік мінбеде Қазақстан өзінің үшінші Ерікті ұлттық шолуын таныстырмақ. Онда Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен жаһандық мақсат пен міндеттердің біздің елімізде жүзеге асырып жатқан тетіктері айтылып, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасында бірлесе атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасалады. Олардың қатарында 2023 жылы қолданысқа енген «Әлеуметтік кодекс» те бар.
Бақытгүл Хамбар, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ орнықты даму мақсаттары жөніндегі хатшылық директоры:
-Тұрақты даму мақсаттарының арнайы бөлімін қостық. Оның ішінде қазіргі жастардың пікірі қандай, қазіргі жас буын өкілдеріне не керек? Сол жөнінде айтылды және «Ешкімді назарда тыс қалдырмау» деген қағида біздегі еліміздің тыңдаушы мемлекет деген қағидасымен қалай сәйкес келеді, сол жөнінде айтылды. Жергілікті деңгейде жүзеге асыруда бізде қандай жетістіктер бар, бірақ сонымен қатар қандай сын-қатерлер алда тұр, соны айттық.