Әлемде су тапшылығы мәселесінің өзектілігі жыл сайын артып барады. Қазірдің өзінде жер бетіндегі өзендердің су деңгейі айтарлықтай төмендеп жатқаны байқалады. Бұған жаһандық жылыну мен құрғақшылық та себеп. Сарапшылардың айтуынша, 2030 жылға қарай жаһан жұртшылығының саны 8,3 млрдқа жетіп, су ресурстарына сұраныс еселене түседі. «Судың тапшылығы әлемдік экономикаға орасан зор шығын әкеледі. Ал тіршілік көзі жетіспесе, ауыл шаруашылығы ғана емес, энергетика секторына да зиян келеді. Сондықтан шұғыл шара қабылдау қажет»,– дейді мамандар.