Түркияда экс-шенеунік ұсталды

  • 9
  • 15.09.2025, 19:39

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері Түркиядан экстрадицияланды. Тергеуге сәйкес, ол 2015–2016 жылдары Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметте жүріп, заңсыз ойын бизнесіне қамқорлық көрсетіп, тұрақты түрде пара алған. Қылмыстан кейін жасырынып, 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. 2024 жылдың қаңтарында Түркияның Измир қаласында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауымен елге қайтарылды. Қазір тергеу изоляторында. Қылмыстық топтың басқа мүшелері бұған дейін ұсталып, сотталған. 

Ерлан Жанпейісов, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

-Айыпталған іс-әрекеттері үшін қылмыстық заңнама бойынша мүлкі тәркіленіп, 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шетелде жасырынып жүрген адамдарды, іздестіру және жауаптылыққа тарту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.