Енді ел тұрғындарының жүріп-тұруына біршама жағдай жасалып отыр. Арменияда 90 күнге дейін болуға және бір ай тіркеусіз жүруге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ депутаттар екі мемлекеттің Үкіметтері арасында көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы заңды қарады. Бұл құжат құзыретті органдардың байланысын арттырып, іскерлік және туризм салаларын өркендетуге ықпал етеді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Қаралған заңдар Қазақстан мен Армения арасында көші-қон процестерін құқықтық реттеу тетіктерін жетілдіруді көздейді. Бұл ретте елдеріміз статистикалық-құқықтық және ғылыми әдістемелік ақпаратпен алмасуға келісті. Сонымен қатар келІсім аясында сапарлар үшін қажетті құжаттар тізбесі кеңейтіліп отыр. Жалпы мақұлданған заңдар екі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға оң ықпалын тигізеді деп сенеміз.