Ертең Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммиті басталады. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің президенттері қатысады. Олар ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын, өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, жиын барысында түркі әлеміндегі бірлік, тұрақтылық және өркендеуді нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды құжаттарға қол қою көзделіп отыр.. Іс-шараға сондай-ақ, Түрікменстан, Мажарстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы байқаушы ел ретінде қатысады.