Кеше Мексика астанасы Мехико әуежайында әлемге танымал Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді әлемнің әр елінен келген тыңдарманы ерекше ықыласпен қарсы алды. Әуежай нағыз концерт алаңына айналды. Әншіні күтіп алған сәт желіде кеңінен таралып, бүкіл әлемнің назарын аударды. Димашқа «Жыл дауысы» номинациясы үшін TopTenMusicAward кубогы табысталды. Димаштың Мехикода өтетін STRANGER TOUR 2025 концерті қазанның 8-і және 10-ы күндеріне жоспарланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі кешке де билет толық сатылып кеткен.