3 мыңнан астам отандасымыз елге жеткізілді

  • 31
  • 06.03.2026, 21:33

Таяу Шығыс аумағында қалып қойған қазақстандықтар елге жеткізу жұмыстары жалғасуда. Эвакуация басталғалы жалпы саны 12 әуе рейсімен 3300-ден астам адам Қазақстанға оралды. Сыртқы істер министрлігінің дерегінше әуе рейстерімен қатар, азаматтарды шығару жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Ирандағы дипломаттар бүгін «Заркух» компаниясында жұмыс істейтін 7 Қазақстан азаматын иран-армян шекарасына жеткізуді жоспарлады. Бұған дейін аталмыш компанияның 34 қызметкерін автобуспен иран-армян шекарасын өтуін қамтамасыз етті. Бүгінге дейін Ираннан 52 отандасымыз елге қайтарылған.