Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі артты

  • 8
  • 22.05.2026, 19:31

Айта кетейік жыл басынан бері Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттық арта түскен. Қаңтар-наурыз аралығында тауар айналымы 16 пайыздан артық өсіп, 6,46 млрд доллар болды. Үш айда 1,5 миллиард доллардың өнімі экспортталды. Импорт 4,96 миллиард долларға жетті.   

Экспорт тауарларының арасында болат прокатының үлесі 9 пайызға жуықтап, 130 млн доллардан асты. Ресей көп сатып алған тауарлар қатарында темір кені мен концентраты және алюминий бар. Ал импорттық тауарлардың қатарына былтырғыдай табиғи газ, уран, алтын және мұнай өнімдері еніп отыр.