Қытайда 4 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. LIVE

  • 4
  • 23.08.2026, 08:06

Шетелдегі барлық дауыс беру учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған. Сайлау алғаш болып басталған елдің тағы бірі - Қытай. Қазір біздің Бейжіңдегі меншікті тілшіміз Руслан Бақытбекұлы ақпарат беруге дайын. Аспан асты елінде Құрылтай сайлауы қалай өтіп жатыр?

Қазақстандықтар бұл елдің 4 қаласында дауыс бере алады. Олар Бейжің, Гонконг, Сиань және Шанхай шаһарлары. Қазір мен Бейжіңдегі №421 сайлау учаскесінде тұрмын. 

Қазақстан елшілігінің ғимаратында орналасқан. Мұнда дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат 7:00-де басталған. Қазір сағат 11-ден асты. Дәл бұл учаскеде 170 азамат тіркелген. Бірақ дауыс берушілер бұдан да көп болса таң қалмаймын. Өйткені Қытай қазақстандықтар ең жиі келетін елдердің бірі. Қос мемлекеттің арадағы визасыз жүріп-тұру туралы келісімі барыс-келісті тіптен көбейткені белгілі. Бұл сайлаушы санының артуына себеп болуы мүмкін. Негізінен тіркелгендер Қытайда жұмыс істеп жүрген дипломаттар, ұлттық компания өкілдері, олардың отбасылары. Студент жастар. Дауысты консулдық есепте тұрған азаматтар ғана емес, өзге мақсатпен жүрген қазақстандықтар да беруге құқылы. Біз комиссия төрағасынан сұхбат жазып алған едік.

Дауыс беру жергілікті уақытпен кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.