Ормуз бұғазында 3 мұнай танкері шабуылға ұшырады

  • 7
  • 01.10.2026, 18:35

Тасқын: 40 адам қаза болды

Таиландта тасқыннан опат болғандар саны 40 адамға жетті. Топан су 2,7 мың шаршы шақырым аумақты басты. Әсіресе орталық аймақтар қатты зардап шеккен. Табиғи апат 2,6 миллион тұрғынның өміріне қиындық әкелді. Ел астанасы Бангкокта көшелерді су басып, жүріс-тұрыс қиындады. Айта кетейік, апта басында 2 күн бойы толассыз құйған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласқан.

Ормузда 3 танкер шабуылға ұшырады

Ормуз бұғазында 3 мұнай танкері шабуылға ұшырады. Бұл туралы Marisks теңіз сараптама қызметіне сілтеме жасап, Рейтер хабарлаған. Олардың мәліметі бойынша, Либерия туын қадаған кемелер радарларын өшіріп тастаған. Бірақ бұған қарамастан оларға снаряд тиді. Десе де кемелер жүрісін бақылайтын "Кеплер" компаниясы қыркүйек айында Таяу Шығыс елдерінің мұнай экспорты едәуір өскенін айтады. Бұл көрсеткіш шамамен қақтығысқа дейінгі деңгейдің 80 пайызына жетіп қалған.

BMW басшылық құрамын қысқартады

BMW неміс автоконцерні алдағы жылдың ортасына дейін басшылық құрамның 20%-ын қысқартады. Науқан бірінші кезекте Германиядағы кәсіпорындарды қамтымақ. Бұған себеп – жасанды интеллект. Ол шешім қабылдау, тиімділікті арттыру және жұмысты жедел ұйымдастыру бағытында бизнес-құрылымның барлық сатысына енгізіліп жатыр. Жалпы автоконцерн оңтайландыру шаралары арқылы жылына 1 миллиард еуро үнемдеуді көздеп отыр.